Алматыда қызыл түсті электрлі автобустар қатынайтын болады

460

6 маусымнан бастап екі жаңа №134 және №140 маршрут іске қосылады.  

Алматыда қызыл түсті электрлі автобустар қатынайтын болады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда қоғамдық көлік жүйесі жаңа бағыттармен, заманауи техникамен толығады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қала тұрғындары үйреніп қалған дәстүрлі жасыл автобустардың орнына қанық қызыл түсті автобустар шығады.

Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа бағыттарды "NomadBus" ЖШС жеке тасымалдаушысы қолданысқа енгізеді. Автобустарды сатып алу толығымен тасымалдаушының жеке инвестициясы есебінен қаржыландырылған, яғни қала бюджетінен ешқандай қаражат жұмсалмаған.

Аталған бағыттар бойынша "Yutong" маркалы 23 жаңа автобус қызмет көрсетеді. Ұзындығы 12 метр, едені төмен орналасқан заманауи электрлі автобустарға 90 жолаушыға дейін сыяды.

Жаңадан ашылған маршруттар қаланың солтүстік және оңтүстік бөліктерін байланыстырып, алматылықтардың ауруханаларға, университеттер мен мектептерге қатынауын едәуір жеңілдетпек.

  •  №134 бағыт "Алматы-1" теміржол вокзалы мен Төле би көшесінің батыс шетіндегі "Автостанцияны" байланыстырады. Бағыттың жалпы ұзындығы шамамен 40 шақырымды құрайды. Автобустар күн сайын таңғы сағат 05:50-ден түнгі 23:00-ге дейін қатынайды.
  • №140 бағыт "Райымбек батыр" метро станциясынан бастап, "Таулы Алып" шағын ауданының соңғы аялдамасына дейін жүреді. Бағыттың ұзындығы – 18,4 шақырым. 
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу