Алматыда мәслихат депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтады

138

Ол жаңа қызметке тағайындалды.

Алматыда мәслихат депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтады Фото: dknews.kz

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Нұрсұлтан Шоқановтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатады. Бұл туралы мәслихаттың кезектен тыс XXXV сессиясында белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалалық мәслихат төрағасы Мейіржан Отыншиевтің айтуынша,  Нұрсұлтан Шоқанов "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлік палатасы төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 

"Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңына және Алматы қаласы мәслихатының депутаты Нұрсұлтан Шоқановтың жеке өтінішіне сәйкес, мәслихат депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім шығарылды", – деді ол.

Нұрсұлтан Шоқанов 2021-2023 жылдары VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты болды. Ал 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты және Құрылыс, сәулет, урбанистика және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу