Алматыда "мәжбүрлі жұмыс істеткен" өзбек азаматтары еліне қайтарылды

650

Өзбекстанның 10 азаматы Қазақстанда "мәжбүрлі" еңбек етіп жатыр. Бұл туралы олардың отандастары Қазақстанның бас консулдығына айтып, көмек сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Алматыда "мәжбүрлі жұмыс істеткен" өзбек азаматтары еліне қайтарылды

Өтініш берушілердің айтуынша, бір топ жергілікті тұрғындар оларға қоқан-лоқы көрсетіп, жеке заттары мен ұялы телефондарын алып, өздерін жеке үйде ұстаған.

Бас консулдықтың қызметкерлері Алматы қаласының құқық қорғау органдары өкілдерімен бірге көрсетілген мекенжайдан Өзбекстан азаматтарын алып шығып, Бостандық ауданының полиция басқармасына жеткізген.

"Родник" қоғамдық қорымен бірлесіп, азаматтар тамағы берілетін жатақханаға орналастырылған. Кейін олардың паспорты мен жеке заттары түгенделгеннен кейін, Алматы-Ташкент маршруттық рейсімен елдеріне қайтарылды. Олар Өзбекстанға аман-есен жеткен.

Оларды "жұмысқа салды" делінген тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу