Алматыда "Медеу" бөгетінің баспалдағына жүгіруден жарыс өтеді

227

Жарысқа 7 жастан бастап және одан жоғары жастағы спортшылар мен спортсүйер қауым қатысады.  

Алматыда "Медеу" бөгетінің баспалдағына жүгіруден жарыс өтеді Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Бұл жыл сайын салауатты өмір салтын ұстанатын және спортпен айналысатын жүздеген адамның басын қосатын дәстүрлі спорттық іс-шара, деп жазады inbusiness.kz сайты.

27 маусымда өтетін жарыс қаланың ең ауқымды бұқаралық спорттық іс-шараларының бірі болмақ.

Шараның мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және тұрғындарды дене шынықтырумен тұрақты түрде айналысуға тарту.

Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай 100, 200, 500 және 842 баспалдақ қашықтықтары бойынша сынға түседі.

Жарыстың басталу кестесі:

  •  09:30 – 100 баспалдақ;
  • 10:30 – 200 баспалдақ;
  • 11:30 – 500 баспалдақ;
  • 13:30 – 842 баспалдақ.

"Медеу" бөгетінің баспалдағына жүгіру жарысы дәстүрлі түрде көптеген қатысушы мен көрерменді жинап, Алматыдағы ең танымал бұқаралық спорттық іс-шаралардың бірі саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу