Алматыда Медеуге барар жолда монша өртенді

606

Нысанда демалушылар болмаған. 

Алматыда Медеуге барар жолда монша өртенді

Алматыда Медеуге мұз айдынына барар жолда монша кешенінен өрт шығып, жалынның жақын маңдағы ғимараттарға таралу қаупі туындады, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.  

"2021 жылғы 5 қыркүйекте  таңғы 7:49-да  өрт сөндірушілер Медеу ауданы, Керей және Жәнібек хандар көшесі, 452 үй мекен-жайына шақыртуға барды. Келген бойда екі қабатты монша кешенінің жанып жатқаны анықталды. Нысан пеноблок пен ағаштан жасалғандықтан өрттің  жақын орналасқан екі ғимаратқа таралу қаупі туындады. Қатты түтіндеуге байланысты газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары іске қосылды. Өрт ошағын анықтау үшін тепловизорлар  қолданылды. Барлау жұмыстары кезінде екінші қабаттың төбе жабындысы жартылай опырылды, әрі қарай  өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, өрт сөндіруге және қорғауға өрт оқпандарын енгізді, магистральдық желілер тартылып, автоцистерналар өрт гидранттарына орнатылды. 

Сондай-ақ кешен аумағындағы ашық су көзінен мотопомпадан су алынып, оны үздіксіз беру қамтамасыз етілді. Ауданның су көздерінің аз болуына байланысты 
"Алматы су" қызметінен қосымша су тасымалдау ұйымдастырылды", – деп жазылған хабарламада. 

Әкімшіліктің айтуынша, кешенде демалушылар болған жоқ.
Өртті сөндіруге ТЖД-ның жеке құрамынан 34 адам, 8 бірлік техника және қалалық өзара әрекеттесу қызметтері жұмылдырылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт 9:58-де ауыздықталып, жалынның кешенінің жанында тұрған ғимараттарға таралуына жол берілмеді. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу