Алматыда "Медина" спорт кешені өртенді

635

Өрт 1000 шаршы метр аумаққа жайылған.

Алматыда "Медина" спорт кешені өртенді

Алматыда "Медина" спорт кешенінен өрт шықты. ТЖМ-ның хабарлауынша өртті сөндіруге 70-тен астам адам, 19 техника және өзара әрекет ету қызметтерi жұмылдырылыпты.

"13 желтоқсанда сағат 7.55-те ТЖД күштерi мен құралдары Әуезов ауданы Яссауи көшесiндегі спорт кешенде шыққан өртке  шақыртудың жоғары дәрежесiмен жiберiлдi. Өрт сөндipушiлер келгенде бip қабатты "Медина" спорт кешенiнің  ангар типті спорт залы ашық жалынмен жанып жатқан. Өрттің жақын орналасқан әкiмшiлiк ғимаратқа таралу қаупi туындады. Тез арада өрт оқпандары жiберiлiп, автоцистерналар гидранттарға орнатылды",– дейді ТЖМ-дан.

Өрт сөндірушілер қазipгi уақытта өрттiң таралу қаупiн жойды.

"1000 шаршы метр аумақты қамтыған өрт сағат 8.43-те  оқшауланып, сағат 8.53 -те толықтай сөндірілді. Қызыл жалынның жақын орналасқан  спорт зал мен 2 қабатты  әкiмшiлiк ғимаратқа және қоймаға таралуына жол берiлмедi",– деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу