Алматыда мектеп оқушылары теракт туралы жалған хабарлама берді

218

Хабарлама берген оқушылар осылай сабақты үзгісі келген.  

Алматыда мектеп оқушылары теракт туралы жалған хабарлама берді Фото: ТАСС

№10 мектепте оқитын 3 оқушы білім мекемесіне жарылғыш зат орнатылғаны туралы жалған мәлімет таратқан, деп жазады inbusiness.kz сайты Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Құзырлы мекеме жасөспірімдер осы әрекетті саналы түрде жасағанын және теракт туралы мәліметтің жалған екенін анықтады.

Үш оқушының әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Терроризм актісі немесе жарылғыш зат қою туралы кез келген жалған хабар тарату құқық бұзушылыққа жатады. Оны тексеру үшін жедел қызмет жұмылдырылып, сабақ тоқтайды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу