Алматыда мектепке оқушыларды тасымалдау үшін 100 мектеп автобусы сатып алынды

522

Жоба мектептен шалғайда тұратын кішкентай оқушыларға арналған. 

Алматыда мектепке оқушыларды тасымалдау үшін 100 мектеп автобусы сатып алынды Фото: inbusiness.kz

Автобустар халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай, оларда авариялық шығу жолы, қауіпсіздік белдіктері, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған пандус және т.б. бар. Балалар мұғалімнің қарауымен және балаларды тасымалдау ережелеріне сәйкес тасымалданады.

"Бірқатар мемлекеттік мектептер 1 қыркүйектен бастап жүретін мектеп автобустарымен қамтылады. 20 орындық автобустар жолдары тар тауларға қарай жүреді. Мектептер бағыттарды, балаларды алып кету уақыты мен аялдамалар санын әзірлеп қойған. 1 балаға бір орын қарастырылған, бәрі отырып барады", – дейді Бостандық аудандық білім бөлімінің басшысы Айгүл Қасымбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу