Алматыда мерекеге орай 40-тан астам түрлі іс-шара өткізіледі

823

Алматыда Ұлы Отан соғысының көзі тірі 75 ардагері қалды.  

Алматыда мерекеге орай 40-тан астам түрлі іс-шара өткізіледі

Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мегаполисте Жеңісінің 77 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы туралы айтып берді, деп жазды inbusiness.kz. 

Спикердің айтуынша, биыл Алматыда Жеңіс күні жоғары деңгейде ұйымдастырылады, оның үстіне соңғы екі жылда толық ауқымды іс-шаралар өткізілмеді. Соғысқа қатысушылардың барлығына және тыл еңбеккерлеріне жергілікті биліктен де, ардагерлер кеңесінен де барынша көп көңіл бөлінетін болады.

"Алматы әкімдігінің бастамасымен және мәслихаттың қолдауымен соғыс ардагерлеріне 1 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлемдер жүзеге асырылады. Сонымен қатар жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. Қалада мерекелік көңіл күй қалыптасуда, соғыс батырларының портреттері бар 40 билборд орнатылды, 9 мамыр тақырыбында қаланың барлық медиабордтарында және метро станцияларында роликтер орналастырылды. 20 мың "Жеңіс лентасы" дайындалып, қала тұрғындарына таратылады", – деді ардагерлер қозғалысының төрағасы.

Лентаны сауда-ойын-сауық орталықтарына, саябақ аймақтарына, 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябаққа, Орталық мәдениет және демалыс саябағына барған кезде алуға болады.
 
Негізгі бағдарлама 9 мамырда сағат 9.30-да басталады. Биыл "Батырларға тағзым" акциясы ұйымдастырылады, оның аясында қала тұрғындары М. Горький атындағы Алматы қаласының Орталық демалыс саябағынан Гоголь көшесіндегі 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябаққа дейін Ұлы Отан соғысының қаза тапқан батырларын еске алуға гүл шоқтарын қою үшін өтеді.

Гүлшоқтарын қойған соң қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді. Шара барысында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне де мерекелік дастархан ұйымдастырылады.

Мереке өтетін жерде әскери шатырлар мен заманауи қазақстандық әскери техника мен қару-жарақ қойылады.

Сондай-ақ Ахан Бижанов биылғы жылы қала әкімі, оның орынбасарлары, аудан әкімдері мен мәслихат депутаттары ардагерлерді аралап, әрқайсысымен жеке кездесулер өткізетінін айтты.

Мерекелік шаралар аудан әкімдіктері жанындағы алаңдарда да, саябақтарда да, тіпті тұрғын үйлердің аулаларында да күні бойы өтеді.
 
Айта кетерлігі, биыл Алматыда тұратын 75 Ұлы Отан соғысының барлық ардагеріне қалалық бюджеттен 1 млн теңгеден табысталады. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген 4600 адам 100 000, 10 000 тыл еңбеккерлері 50 000 теңгеден алады.  Жыл сайын әкімдік жұртшылықпен, кәсіпкерлермен, еңбек ұжымдарымен бірлесіп, 300 млн теңгеге жуық материалдық және қаржылық көмек көрсетеді.

Құралай Құдайберген 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу