Алматыда 15-16 сәуір мерзімі өткен және пайдаланылмаған дәрі-дәрмектерді жинау акциясы өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Дәрілерді қалалық емханаларда орнатылған экобокстарға өткізуге болады. Қалада мұндай 36 қабылдау пункті жұмыс істейді.
"Тұрғындардан таблетка, капсула, май, шәрбат және сұйық ерітінді қабылданады. Ал, шприц, ине және өзге медициналық қалдық қабылданбайды", – деп хабарлады шараны ұйымдастырушылар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу