Алматыда метро құрылысы үшін қай үйлер сүрілетіні белгілі болды

79

Алматыда жаңа метро бағытының құрылысы басталады.   

Алматыда метро құрылысы үшін қай үйлер сүрілетіні белгілі болды Фото: Серикжан Ковланбаев

Осы мақсатта болашақ станцияларға арналған жер учаскелерін сатып алу мен үйлерді сүру жұмыстары жүргізілмек. Алмалы, Медеу және Түрксіб аудандарында сүру жұмыстары қолға алынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Krisha.kz-ке сілтеме жасап.

Метроның жаңа желісі қазіргі "Жібек Жолы" станциясынан (Панфилов көшесі, Жібек Жолы мен Гоголь көшелерінің аралығында) басталып, Алматы әуежайының маңында аяқталады.

Жаңа бағыт Гоголь көшесі бойымен Орталық мәдени-демалыс саябағына дейін, одан әрі Шығыс айналма автожолы бойынша, Құлжа тракті бойымен, сосын әуежайға қарай жалғасады.

Жаңа бағытта сегіз станцияның құрылысы жоспарланған:
- "Жібек Жолы" станциясының маңында, Назарбаев даңғылынан шығыс жаққа қарай;
- Орталық мәдени-демалыс саябағы ауданында;
- Құмай көшесі мен Шығыс айналма автожолы қиылысында;
- "Халық Арена" спорт кешенінің қасында;
- "Жетісу" базарының қарама-қарсы "Шығыс" көлік орталығының аумағында;
- "Апорт-2" сауда-ойын-сауық орталығының маңында;
- Нұршашқан шағын ауданында;
- Әуежайдың маңында.

№7 станциядан солтүстікке қарай да электродепо салынады. Желінің жалпы ұзындығы 14 километр болып белгіленген. Ол толықтай жер астымен өтеді. Жер учаскелері мен нысандарының иелеріне нарық құны бойынша өтемақы төленбек.

Krisha.kz жазуынша, жер учаскелері 2028 жылдың соңына дейін сатып алынады деп жоспарланған.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу