Алматыда метроны әуежайға дейін жеткізу үшін 93 жер учаскесі алынады

153

Метроның екінші желісі "Жібек жолы" бекетінен Алматы халықаралық әуежайына дейінгі учаскені қамтиды.

Алматыда метроны әуежайға дейін жеткізу үшін 93 жер учаскесі алынады Фото: Алматы әкімдігі

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің қаулысында айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Алматы ақшамы" газетінде қала әкімдігінің 2025 жылғы 10 қарашадағы № 4/675-1365 қаулысы жарияланды.

Құжат "Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы" деп аталады.

"Алматы қаласы метрополитенінің екінші желісінің объектілерін салу үшін ("Жібек жолы" бекетінен Алматы халықаралық әуежайына дейінгі учаске), Алматы қаласының Алмалы, Медеу және Түрксіб аудандарының аумағында орналасқан 93 жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін", – делінген қаулыда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу