Алматыда "Бауыржан Момышұлы" метро бекеті мен жаңадан салынып жатқан "Қалқаман" бекеті арасындағы ұзындығы 1593 метр болатын оң бағыттағы туннельді қазу жұмыстары толық аяқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта теміржол тұтас табанды технология бойынша төселіп жатыр.
Сол жақ бағыттағы туннель толық дайын: онда рельстер мен байланыс рельсі орнатылып, барлық инженерлік желілер монтаждалған.
Сонымен қатар "Қалқаман" бекеті ғимаратының құрылысы аяқталып, бүгінде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоспар бойынша жаңа бекет биыл қолданысқа берілуі тиіс.