Алматыда мопедтердің қатысы бар 276 жол-көлік оқиғасы тіркелді

762

Салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы 297 адам жарақат алған.

Алматыда мопедтердің қатысы бар 276 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Жергілікті полиция қызметі басқармасының мәліметінше, өткен жылы шаһар жолдарында мопедтердің қатысуымен 276 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы 297 адам жарақат алған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Алматы қаласында мопедтердің, электросамокаттардың және микромобильді көліктің басқа да түрлерінің қозғалысына қатысты мәселе бар. Көбінесе бұл көлік түрлерін басқаратын тұлғалар ҚР жол қозғалысы ережелерін бұзады, сөйтіп, басқа жол пайдаланушылары үшін қауіп төндіреді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, соңғы айларда баламалы көліктердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының саны артқан. Мәселен, осы жылдың 3 айында қала жолдарында мопедтердің қатысуымен 62 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 72 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Мопед тізгіндеген 38 адам жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров. 

Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта алдыңғы саптағы полиция бөлімшелері, скутерлер, мопедтер, самокаттар және велосипед жүргізушілерімен болатын жол-көлік оқиғаларын барынша азайту мақсатында алдын алу жұмыстарын күшейтті. 

"Біз мұндай көлік құралдарын жүргізушілерді жауапкершілік пен жол тәртібін арттыруға шақырамыз. Заңға сәйкес, қозғалтқыш көлемі 50 текше метрден жоғары болса, онда ол полицияда қарапайым көлік ретінде тіркеліп, жүргізуші тиісті санаттағы құқықтарға ие болуы керек. Сонымен қатар мопедтер мен скутерлердің жүргізушілеріне қозғалыс кезінде қорғаныс құралдарын міндетті түрде пайдалануына баса назар аударамыз. Жедел алдын алу іс-шаралары жалғасуда", – деді Манап Саттаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу