Алматыда мотоциклист 10 тәулікке қамалды

429

Полиция әлеуметтік желідегі видеодан кейін мотоциклисттің жеке басын анықтап, жауапқа тартты.  

Алматыда мотоциклист 10 тәулікке қамалды Фото: Видеодан скриншот

Алматыда мотоциклист қоғамдық тәртіпті әдейі бұзып, былапыт сөздер айтқан видеосын әлеуметтік желіге жариялаған. Полицейлер осыдан кейін оны қамауға алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг барысында құқық бұзушы жариялаған бейнероликті анықтаған.

Видеода мотоциклист қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, жол қозғалысының өзге қатысушыларын арандатып, әрекеттерін былапыт сөздермен сүйемелдеген.

Ол Алматы қаласының 39 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

"Әлеуметтік желілерде заңға қайшы әрекеттерді жариялау жауапкершіліктен босатпайды. Керісінше, мұндай материалдар тексеру жүргізуге және заңда көзделген шараларды қабылдауға негіз болады", – деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу