Алматыда мүмкіндігі шектеулі енесін зорлады деген күдікті ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, 17 тамызда күйеу баласы шай ішемін деген сылтаумен әйелдің үйіне барған. Отбасы ер адам оның дәрменсіз күйін пайдаланып, зорлық көрсеткенін айтты.
Қалалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады.
"Аталған факті бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның әрекетіне принципті әрі объективті құқықтық баға беріледі.
Кінәсі дәлелденген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады", – делінген ПД хабарламасында.