Алматыда нашар еститін такси жүргізушісін мазақ еткен блогер полицияға жеткізілді

366

15 қазанда әлеуметтік желілерде блогердің такси жүргізушісіне құрметсіздік танытқан бейнежазбасы тарады.  

Алматыда нашар еститін такси жүргізушісін мазақ еткен блогер полицияға жеткізілді Фото: instagram/almaty_police_department

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бейнежазба авторының жеке тұлғасы анықталып, Алмалы аудандық Полиция басқармасына жеткізілген.

Қызға қатысты түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желіде тараған видеода қыз такси салонында ән айтып, жүргізушіні камераға түсірген. Бұл әрекет қоғамның наразылығын тудырып, әлеуметтік желі қолданушылары арасында кеңінен қызу талқыланған болатын.

"Алмалы аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері бейнежазба авторының жеке басын анықтап, оны полиция бөлімшесіне жеткізді. Қызбен профилактикалық және құқықтық түсіндіру әңгімесі жүргізілді. Қыз өз кінәсін мойындап, өкінетінін білдірді", – деп хабарлады полиция.

Сондай-ақ, полиция әлеуметтік желі қолданушыларын жариялайтын контентке жауапкершілікпен қарап, қоғамдағы этика, мораль және өзара құрмет қағидаларын сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу