Алматыда нәрестенің мәйіті табылды

519

Мәйітті тұрғындар өзеннен тауып алған, деп хабарлайды inbusiness.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.  

Алматыда нәрестенің мәйіті табылды Фото: Google

Телеарнаның хабарлауынша, сәбиді орап, қапшыққа салып өзенге тастап кеткен. Жергілікті тұрғынның иті оның иісін сезген. Куәгерлер мәйіт өзенде бірнеше күн жатқанын айтты. Шақалықтың кіндігі де кесілмеген екен.

Алайда нәрестені кімнің, қалай тастап кеткені белгісіз. Қазір оның анасы іздестіріліп жатыр. Бұл оқиға бойынша тергеу басталды.

"Қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті іс-шаралар өткізіледі. Баланың қайтыс болу себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды", - деді Алматы ПД баспасөз қызметі басшысының орынбасары Еркін Өтегенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу