Алматы қаласында Наурыз мейрамын атап өтуге дайындық және мерекелік іс-шараларды өткізуге байланысты бірнеше көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"2026 жылғы 16 наурыз сағат 03:00-ден бастап 23 наурыз сағат 00:00-ге дейін Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі бөлігі автокөлік қозғалысы үшін уақытша жабылады. Жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша енгізілген шектеулерді ескерулерін сұраймыз", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, наурыз мерекесі қарсаңында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ел бойынша өтетін мерекелік іс-шаралар туралы ақпаратты біріктіретін Digital Nauryz онлайн-платформасын іске қосады.
Осылайша Қазақстандағы Наурыз мерекесінің өту барысын онлайн көруге болады.