Алматыда Наурызбай батыр көшесінде автобус жолағының орнына веложолақ салынады

321

1 тамыздан бастап Наурызбай батыр көшесінің Райымбек даңғылынан Абай даңғылы аралығында көлік қозғалысының жаңа сызбасы енгізіледі.  

Алматыда Наурызбай батыр көшесінде автобус жолағының орнына веложолақ салынады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының мәліметінше, жоба аясында көшеде оқшауланған велосипед жолағы салынады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, жүргізілетін жұмыстар аясында қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ алынып тасталады. Автобус бағыттары Желтоқсан көшесіне ауыстырылып, Наурызбай батыр көшесінде веложолақ ұйымдастырылады.

– Жаңа шешім велосипедшілердің қауіпсіздігін арттыруға, қаладағы велосипед желісін дамытуға және көлік легін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты жүргізушілер мен жол қозғалысына қатысушылардан өзгерісті алдын ала ескеріп, бағытын жаңа қозғалыс сызбасына сай жоспарлау, сондай-ақ жол белгілері мен таңбаларының талабын сақтау сұралады, – деп хабарлады қалалық әкімдік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу