Алматыда Наурызда теракт ұйымдастырмақ болған күдікті ұсталды

696

Ұсталған күдікті ДАИШ-тың қолдаушысы.

Алматыда Наурызда теракт ұйымдастырмақ болған күдікті ұсталды

ҚР ҰҚК хабарламасына сүйенсек, 13 наурызда жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Алматы қаласында "ДАИШ" ұйымының идеологиясын ұстанатын адам сот санкциясымен қамауға алынған.

Ол Наурыз мейрамына халық көп жиналатын орындарда теракт жасамақ болған деген күдікке ілінген.

"Көрсетілген адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 255 (Терроризм актісі) және 258 (Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік) баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу жалғасуда",– делінген хабарламада.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу