Алматыда неміс сырасының атын жамылып, заңсыз өнім өндірген цех анықталды

390

Цехтан арнайы өндірістік жабдықтар, дайын өнімнің ірі көлемі, сондай-ақ өндіріс процесінде пайдаланылатын ыдыстар мен шикізат табылды.  

Алматыда неміс сырасының атын жамылып, заңсыз өнім өндірген цех анықталды Фото: polisia.kz

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ғимарат жертөлесінде орналасқан сыра өндіретін жасырын цех әшкереленді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Заңсыз айналымнан жалпы көлемі шамамен 7 мың литр сыра, сондай-ақ шыны ыдыстар және алкоголь өнімдерін дайындауға қажетті шикізат алынған.

"Аталған дерек бойынша барлық мән-жайларды толық әрі жан-жақты анықтауға бағытталған тексеру амалдары басталды. Мұндай құқықбұзушылықтар ерекше бақылауда. Полиция азаматтарға алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру және өткізу заңмен қатаң жауапкершілікке әкелетінін ескертеді", – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу