Алматыда Нұр-Мұқасан тобының әншісі соққыға ұшырады – полиция іс қозғады

95

Әлеуметтік желілерде Нұр-Мұқасан тобының жаңа мүшесі Ғалымжан Сүлейменнің соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады.   

Алматыда Нұр-Мұқасан тобының әншісі соққыға ұшырады – полиция іс қозғады Фото: ru.newsroom.kz

Бейнежазбада Ғалымжан Сүлеймен өзін үш адам ұрғанын, олардың ішінде тобының бұрынғы мүшесі Мұқасан Шахзадаевтың да бар екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ол бұл қақтығыстың топ орындаған әндердің авторлық құқықтарына байланысты туындағанын жеткізді.

Алматы қаласы полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.

– 2025 жылғы 22 қарашада Наурызбай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын М. және бірнеше тұлға тарапынан оған дене жарақатын салғаны туралы арыз түсті. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу жүргізілуде. ҚР заңнамасына сәйкес қажетті шаралар қабылданады, – деп хабарлады департаменттен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу