Алматыда оқ тиген 29 адамды полиция тергеу изоляторына қамап қойған

893

Адам құқығын қорғау ұйымы өкілдері мен тәуелсіз құқық қорғаушыларға жаппай ереуіл кезінде ұсталып, қамалған жандармен жүздесуге рұқсат берілді.   

Алматыда оқ тиген 29 адамды полиция тергеу изоляторына қамап қойған

Бұл туралы Бас прокуратура бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов баспасөз жиынында мәлімдеді. 

"Прокурорлар Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторын тексеру кезінде дене жарақаты бар 73 адамды анықтады. Оның ішінде үшеуіне қатысты бұлтартпау шарасы өзгертілді, олар қазір бостандықта. Біздің нұсқаумен ұсталғандардың арасында оқ жарақатын алған 29 адам қалалық ауруханаға жатқызылды. Қамауға алынып, жарақат алған 41 жан тікелей изоляторда ем алуда. Қатыгездікпен қарау, сондай-ақ медициналық көмекті көрсетпеу ықтимал жағдайларын тәуелсіз тексеру мақсатында адам құқықтары жөніндегі уәкіл және басқа да адам құқығын қорғау ұйымдарына ұстау мекемелеріне кіруге рұқсат берілді", – дейді ол.