Алматыда оқитын 221 мың студенттің 145 мыңы өзге өңірлерден келген

97

Алматыда 200 мыңнан астам студент білім алып жатыр.

Алматыда оқитын 221 мың студенттің 145 мыңы өзге өңірлерден келген  Фото: gov.kz

Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының мәліметінше, мегаполистің жоғары оқу орындарында 221 мыңнан астам студент бар, олардың 145,4 мыңы – өзге өңірлерден келген жастар. Қазіргі уақытта қалада 46,2 мың орынға арналған 136 жатақхана жұмыс істейді. Дегенмен, шамамен 11,6 мың орын тапшылығы сақталып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңа жатақханалар құрылысын үйлестіру мақсатында ел бойынша бірыңғай жобалық кеңсе құрылған. 2023–2025 жылдары жобалық кеңсе аясында Алматыда студенттерге арналған 43 нысан қолданысқа берілді.

Атап айтқанда:

– 2023 жылы 3 969 орындық 14 жатақхана;

– 2024 жылы 4 304 орынға арналған 16 нысан;

– 2025 жылы 4 500 орындық 13 жаңа жатақхана ашылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу