Жоспарлы оқу-жаттығу барысында жарық-дыбыстық граната мерзімінен бұрын іске қосылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға болған аумақта бөлімше қызметкерлеріне дер кезінде медициналық көмек көрсетілді.
"Әлеуметтік желілер мен жекелеген ақпарат көздерінде тараған қызметкерлердің жаппай зардап шеккені және олардың ауыр халде екендігі туралы мәлімет шындыққа сәйкес келмейді. Азаматтарды тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырамыз", – делінген ақпаратта.
Аталған дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу