Алматыда оқушылар мен студенттер сабақтан босатылды

771

Бүгін Алматыда 5 баллдық жер сілкінісі болды. 

Алматыда оқушылар мен студенттер сабақтан босатылды Фото: видео скриншот

Осыған байланысты мектеп оқушылары мен студенттер сабақтан босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, мектептер мен балабақшалар жабылмаған. 

Ал ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдері жоғарғы оқу орындарында студенттер үйлеріне және жатақханаларына жіберілгенін айтты. 

"Зардап шеккен студенттер жоқ, олар эвакуацияланды. Бүгінгі сабақтар болмайтын болды. Қазір министр Саясат Нұрбектің тапсырмасымен жатақханаларға кезекшілер қойылды. Кезекшілер студенттерге жылы киім, су, тағам керек болған жағдайда толық бақылауға алады, қажет заттармен қамтамасыз етеді", - деді министрлік өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу