Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысының атынан ақын әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовті 90 жас мерейтойымен құттықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Сіз Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде де көрнекті ақын, терең ойлы қаламгер әрі беделді қоғам қайраткері ретінде сый-құрметке ие болдыңыз. Сіздің гуманистік идеяларыңыз ұлттық мәдениет пен қоғамдық-саяси ойдың асыл мұрасына айналып, әлемге кеңінен танылды. Бірегей шығармашылығыңыз арқылы қазақ халқының тарихи санасының жаңғыруына өлшеусіз үлес қостыңыз", – делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.
Қала әкімі оған әдебиет, мәдениет, қоғамдық ой-пікір мен антиядролық қозғалысты дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін құрмет көрсетіп, жүрекжарды лебізін жеткізді.
Олжас Омарұлы қазақ әдебиетінің көкжиегін кеңейтіп, поэзияға жаңа көркемдік тыныс әкелді. Сонымен қатар оның бастамасымен құрылған "Невада-Семей" қозғалысы ядролық сынақтарға қарсы әлемдік күрестің символына айналып, Семей полигонының жабылуына ықпал етті.
Кездесу соңында қала басшысы абыз ақсақалға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасына амандық тіледі.