Алматыда "омикрон" жаңа штамына байланысты жаппай іс-шаралар шектелуі мүмкін

1036

Әзірше санитарлық қызмет мамандары демалыс күндері адамдар жиналған жерге бармауға шақырды.  

Алматыда "омикрон" жаңа штамына байланысты жаппай іс-шаралар шектелуі мүмкін

Коронавирустың жаңа "омикрон" штамы дерттің қайта өршуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан жаппай іс-шараларға қатысуды шектеу керек. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz

Әсел Қалықова мегаполис "жасыл" аймақта орналасқанына қарамастан, соңғы аптада коронавирустық инфекцияның 641 жағдайы тіркелгенін хабарлады. Өткен тәулікте 34 адам жұқтырған. 

Спикер бүкіл әлемде эпидемиологиялық жағдай нашарлап, қатаң карантин режимі қайта енгізілгеніне назар аударды. Оңтүстік Африкадағы COVID-19 дельтасының жаңа, қауіпті "омикрон" мутациясының пайда болуы туралы ДДҰ-ның ресми мәліметтері бар. Ол патогенді және жұқпалы "дельта" нұсқасынан асып түседі және организмдегі антиденелерді айналып өтуге қабілетті. 

"Сондықтан халықты, әсіресе қарттарды, созылмалы аурулары бар адамдарды, жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді вакциналауды көбейту қажет. Алматының барлық тұрғындары елде "омикрон" штамының пайда болуына және таралуына жол бермеу үшін, әсіресе демалыс және мереке күндері адамдар көп жиналатын орындарға бармауға шақырамын", – деді Әсел Қалықова. 

Маман "омикрон" жағдайлары Африканың 8 елінде (ОАР, Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Эсватини, Танзания), сондай-ақ Бельгияда, Израильде, Гонконгта, Германияда, Чехияда және Ұлыбританияда тіркелгенін айтты. 
Жаңа штамм алдыңғы нұсқалардан қауіптірек. Оны Қазақстанға әкелуге жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссия 3 желтоқсаннан бастап Ботсвана, ОАР, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Малави, Мадагаскар, Эсвитини, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының кіруін шектеу туралы шешім қабылдағаны белгілі болды. Ал Мысырмен әуе қатынасын тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.

"Омикронға" қатысты КВИ жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге оқшаулануы тиіс. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу