Алматыда өрт кезінде газ баллоны жарылып, 1 адам көз жұмды

628

Жалпы жану аумағы 500 шаршы метрден асады.  

Алматыда өрт кезінде газ баллоны жарылып, 1 адам көз жұмды Фото: Видеодан скриншот

12 маусым түн ортасына таман Түрксіб ауданында болған өртке бара жатқан жолда өрт сөндіру көліктерінің бірі аударылды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Техника дер кезінде көтеріліп, оның техникалық жағдайы қалыпты екені анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өртке қарсы бөлімшелер оқиға орнында жоғары дәрежемен жұмыс істеді. Жедел штаб құрылды, бірнеше бағыт бойынша өртті сөндіру жұмыстары жүргізілді. 15 техника мен 50-ден астам қызметкер жұмылдырылған.

Өрт сөндірушілердің нақтыланған ақпараты бойынша, Международная көшесінде бірнеше меншік иесіне тиесілі барак типтес тұрғын үйде өрт шығып, жалын төрт меншік иесіне тиесілі көрші үй мен жуынатын орын және шаруашылық құрылысына тараған.

– Өртті сөндіру кезінде газ баллоны жарылған, алайда жеке құрам арасында зардап шеккендер жоқ, қауіпсіздік техникасы сақталған. Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде сағат 00:55-те өрт ауыздықталды. Өрт сөндіру кезінде 1 адамның мәйіті табылды. Қазіргі уақытта өртті жою жұмыстары жалғасуда, – делінген ведомство таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу