Алматыда өрт сөндірушілер ғимаратты жарылу қаупінен аман алып қалды

339

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Алматыда өрт сөндірушілер ғимаратты жарылу қаупінен аман алып қалды Фото: Бейнежазбадан

Таңертең ерте Алматы қаласының Түрксіб ауданында екі қабатты кафе ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетті. Алғашқы бөлімшелер келген сәтте ғимараттың шатыры ашық жалынға оранған. Барлау барысында қосалқы бөлме мен шатырдың жанып жатқаны анықталды. Өрттің көршілес ғимаратқа таралу қаупі болды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалынның көрші нысанға таралуына жол берілмеді, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар құтқарушылар жану аймағынан әртүрлі көлемдегі 6 оттегі баллонын сыртқа шығарып, олардың жарылу қаупінің алдын алды.

Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу