Алматыда Орталық Азиядағы ең ауқымды марафон басталады

834

Дәстүрге айналған спорттық әрі қайырымдылық шарасы биыл сегізінші рет өткізіліп отыр.

Алматыда Орталық Азиядағы ең ауқымды марафон басталады

Алматы қаласында өтіп жатқан Орталық Азиядағы ең ауқымды марафонға 17 мың адам қатысады, деп хабарлайды 24.kz.

Соның 2 мыңға жуығы – 53 елден келген меймандар мен спортшылар.

Марафонды ең жас қатысушылар бастады. 10-14 жас аралығындағы балалар 3 шақырымға жүгіреді.

Жалпы марафон 10, 21 және 42 шақырымнан тұрады. Ең ұзын қашықтық, яғни 42 шақырымға жүгіргісі келгендер ұйымдастру қорына 10 мың теңге төлеуге тиіс.

Айта кетелік, өткен жылы осындай марафоннан қайырымдылық қорға 16 млн астам қаржы жиналды. Ал биыл ұйымдастырушылар 25 млн теңге жинауды жоспарлап отыр.

"Бұл қаражат Алматы облысындағы нөмірі 15 мектеп интернатына спорт мектебін салуға, Алматыдағы сал ауруына шалдыққан балаларды сауықтыру игілігіне жұмсалады дейді", – ұйымдастырушылар.

Марафон өтетін көшелер бойында медициналық көмек көрсететін орындар да қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу