Алматыда Орталық саябақ толықтай жаңғыртылады

331

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Орталық саябаққа барып, жаңарту жұмыстарының нәтижесін тексерді.  

Алматыда Орталық саябақ толықтай жаңғыртылады Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орны саналатын саябақта жаңа фуд-корт бой көтеріп, спорт және балалар алаңдары, скейт-парк салынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ, субұрқақтар мен жарықтандыру жүйесі жаңартылып, жаяу жүргіншілер жолдарының 70 пайыздан астамы ретке келтірілді. 10 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылды.

Дегенмен саябақтың кей жері біршама ескірген, жөндеуді қажет етеді. Сондықтан әкім оны жаңғыртуды жалғастыруды тапсырды.

Мақсат – тұрғындардың сүйікті демалыс орнын бұрынғыдан да жайлы ету.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу