Алматыда Отан қорғаушы күніне орай Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілді

342

Мемлекеттік Туды көтеру барысында әскери үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. 

Алматыда Отан қорғаушы күніне орай Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілді Фото: gov.kz

Отан қорғаушы күніне орай Алматыдағы "Сұңқар" халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Салтанатты рәсімге Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, әскери бөлімдердің, құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Мерекелік іс-шара әрі қарай 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта концерттік бағдарламамен жалғасты.

Концерт Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі мен "Салтанат" мемлекеттік би ансамблінің сүйемелдеуімен шырқалған "Ұлы елім" әнімен ашылды. Сахнада танымал отандық эстрада жұлдыздары патриоттық әндер орындады.

Сондай-ақ, қазақ батырлары туралы театрландырылған қойылымдар мен патриоттық хореографиялық композициялар ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу