Алматыда отандық тауар өндірушілердің тізілімі таныстырылды

680

Оған арнайы индустриялдық сертификаттары бар 512 алматылық компания және 12 мыңнан астам тауар түрлері енгізілді.  

Алматыда отандық тауар өндірушілердің тізілімі таныстырылды

Оңтүстік астананың әрбір отандық тауар өндірушісі өз деректерін, тізімге енгізу мүмкіндігіне ие бола алады.
Аталмыш жобаны Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы қалалық әкімдіктің бастамасымен отындық тауар өндірушілерді қолдауы мақсатында жүзеге асырды.

"Енгізілген төтенше жағдай режимі мен карантин жағдайында цифрландыруды экономиканың басты трендінің біріне айналды. Бұл жоба  – осы жолдағы тағы бір басты қадам", – дейді  Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов.

Тізімге тауарын қосқысы келетіндер қазірдің өзінде өтініш бере алады. Оны https://almaty.infokazakhstan.kz/ сайтының басты бетіндегі Алматы қаласы отандық тауар өндірушілер бөліміне өту арқылы жүзеге асырады.
"Енді барлық іздеушілер, әсіресе мердігерлер, бюджеттік бағдарлама әкімшілері тізімде саланы немесе нақты тауарлық позициясын көрсету арқылы қажетті өндірушіні оңай таба алады. Айта кету керек, жауырда ондағы әрбір кәсіпкер өз мәліметтерін өңдеу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар өз компаниясын осы базаға енгізгісі келетін кәсіпкерлерге де бұл қолжетімді",  – деді Нариман Әбілшайықов.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу