Алматыда өткен триатлоннан жарысқа 23 елден спортшылар қатысты

793

Сайран көлінде "Almaty ASTC Sprint Triathlon Asian Cup – 2019" триатлоннан Азия Кубогінің халықаралық кезеңі және "TEMIRADAM" Кубогінің VІІІ кезеңі өтті.

Алматыда өткен триатлоннан жарысқа 23 елден спортшылар қатысты

Бақытжан Сағынтаев триатлоннан Азия Кубогінің Алматы кезеңінің жеңімпаздарын құттықтады, деп хабаралайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

2019 жылдың 3-4 тамызында Алматы қаласында Сайран көлінде "Almaty ASTC Sprint Triathlon Asian Cup – 2019" триатлоннан Азия Кубогінің халықаралық кезеңі және "TEMIRADAM" Кубогінің VІІІ кезеңі өтті.

Триатлоннан Азия кубогі Алматыда екінші рет өткізіліп отыр. Кубокке 23 елден 200-ден астам спортшы қатысты. Қазақстандық 13 спортшының ішінен, кәсіби жарыстарға Ануар Турубаев, Кирилл Рожков, Абзал Орынбек, Юлия Озерова бақ сынасты.

Asian Sprint Triathlon Cup бұл Азияның кәсіби (Elite) триатлоншылар арасындағы континентальді кубогі. 29 субконтинентальді елді біріктіретін жарысты Азиаттық триатлон конфедерациясы ұйымдастырады.

Кубок жеңімпаздарын қала әкімі Бақытжан Сағынтаев құттықтап, барлық қатысушыларға жеңіс тіледі.

Әйелдер есебінде алтынды қазақстандық Арина Шульгина иеленсе, ерлер арасында Феликс Дюшамб қанжығасына байлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу