Алматыда пәтер тонаумен айналысқан күдіктілер ұсталды

143

Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері қала аумағында пәтер тонаумен айналысқан адамдар тобының қылмыстық әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Алматыда пәтер тонаумен айналысқан күдіктілер ұсталды Фото: Алматы полициясы

Тергеу мәліметінше, топ мүшелері алдын ала келісіп, жүйелі түрде әрекет етіп, тұрғын үйлерге заңсыз кіріп, азаматтардың бағалы заттары мен мүлкін ұрлаған.

– Қолға түсіру және одан кейінгі тергеу әрекеттері барысында күдіктілердің қылмыстық әрекеттерге қатысы бар екенін дәлелдейтін заттай айғақтар тәркіленді. Ұрланған мүліктің бір бөлігі заңды иелеріне қайтарылды, – деп хабарлады полиция.

Қазіргі таңда қылмыстық әрекеттің бірнеше дерегі анықталды. Ұсталғандардың Алматы аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бары тексеріліп жатыр.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Қажетті тергеу және жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

– Мүліктік қылмыстардың алдын алу және жолын кесу бағытындағы жұмыс полицияның тұрақты бақылауында, – делінген полиция таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу