Алматыда пәтер жөндеуге келген жұмысшы 13 жастағы қызды зорлаған

129

Полиция ақпаратты растады. 

Алматыда пәтер жөндеуге келген жұмысшы 13 жастағы қызды зорлаған Фото: t.me/kozachkow

Алматы қаласының полиция департаменті 13 жастағы қызды деген күдіктіні ұстап, қамауға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жантүршігерлік қылмыс туралы ақпарат әлеуметтік желідегі "Алматы және Алматы облысының жаңалықтары" атты пабликте тараған. Дереккөзге сүйенсек, ер адам қызды көп қабатты үйдің паркингінде зорлаған. 

"Тараған ақпаратқа сүйенсек, қылмыс 20 сәуір күні "Комфорт сити" тұрғын үй кешенінде болған. Алдын ала болжам бойынша, күдікті пәтерлердің бірін жөндеуге келген жұмысшы. Ал, қыз баланы ол үйдің паркингінде зорлаған. Қазір тұрғындар күдіктіні өз күштерімен іздеп жатыр", - деп жазады паблик. 

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанарт Әзірбектің айтуынша, күдікті қолға түскен. 

"Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, сезікті анықталып,  уақытша қамау изоляторына қамалды. Қазір қылмыстық іс аясында басқа да мән-жайлар анықталып жатыр", - деп хабарлады Салтанат Әзірбек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу