Алматыда пәтерден 33 жастағы ер адамның денесі табылды

452

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам өзіне қол жұмсауы мүмкін.

Алматыда пәтерден 33 жастағы ер адамның денесі табылды Фото: Алматы ПД

Алматының Әуезов ауданындағы "Жетісу" шағынауданында қайғылы жағдай болды. Пәтерлердің бірінен 33 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қайтыс болу себептері мен оқиғаның нақты мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Алдын ала анықталғандай, ер адам соңғы бірнеше айда өмірінде қиын кезеңді бастан өткерген. Қазір оның өмір салты, араласқан ортасы және оқиғаға қатысы болуы мүмкін өзге де мән-жайлар зерттеліп жатыр. Тергеу нәтижесінде болған оқиғаның толық мән-жайы анықталады", – деді Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу