Полицияның мәліметінше, күдікті жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде қолға түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, ол Алмалы ауданындағы пәтерлерге ұрлыққа түсіп, велосипедтерді де алып кеткен. Ол кейбір жағдайда тұрғын үйлерге кілт таңдау арқылы заңсыз кірсе, енді бірінде кіреберістерде тұрған мүліктерді ұрлаған.
Алматы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияровтың айтуынша, бұл қылмыстық іс бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
– Қазіргі таңда қылмыстық әрекеттің төрт дерегі анықталды. Күдікті ұсталып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер саны бұдан да көп болуы мүмкін, оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы тексеріліледі, – деді Асхат Дәулетияров.
Қазір қосымша жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.