Алматыда педагогтер мен тәртіп сақшыларын вакцинациялау басталды

738

Бірінші күні 70 адам екпе салдырды. 

Алматыда педагогтер мен тәртіп сақшыларын вакцинациялау басталды

Бұл турады қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлім етті, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.

"9 наурыз педагогтер мен құқық қорғау органдары өкілдерін вакцинациялау басталды. Жалпы саны 300-ден аса педагогке екпе салынады деп күтілуде. Бірінші күні 20 мұғалім, 50 құқық қорғау органдары қызметкерлері вакцина салдырды", – деді спикер. 

Сонымен қатар Әсел Қалықова шетелге демалысқа кетіп, індет жұқтырып келіп жатқандардың бар екенін атап өтті. 

"Бұл тізімде Біріккен Араб Әмірліктерінен, Түркиядан және Мысырдан келген жолаушылар көш бастап тұр. Аталған елдерден коронавирустық инфекция жұқтырып келіп жатқандар бар", – деді спикер. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу