Алматыда полиция алкоголь өнімдерін заңсыз сату деректерін анықтады

94

Түрксіб ауданында рейдтік іс-шаралар барысында учаскелік полиция инспекторлары алкоголь өнімдерін тиісті лицензиясыз сату фактісін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Алматыда полиция алкоголь өнімдерін заңсыз сату деректерін анықтады Фото: Алматы полициясы

Заңсыз сатылған тауар тәркіленіп, сауда нысанының иесіне қатысты әкімшілік материал жинақталды. Сот шешімімен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәркіленген алкоголь өнімдері мемлекет кірісіне тәркіленіп, заңнамада белгіленген тәртіппен жою үшін уәкілетті органдарға берілді.

Полицияның мәліметінше, аталған жедел-профилактикалық іс-шара аясындағы профилактикалық жұмыс құқық бұзушылықтар деңгейін төмендетуге, тұрмыстық қылмыстардың алдын алуға және аулалар мен тұрғын ықшам аудандарда қауіпсіз ортаны қалыптастыруға бағытталған.

– "Қауіпсіз аула" жедел-профилактикалық іс-шарасының басты мақсаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біз алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға ерекше назар аударамыз, себебі мұндай фактілер қоғамдық тәртіп пен құқық бұзушылық деңгейіне тікелей әсер етеді. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасады, – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу