Алматыда прокуратура ықпалымен 2,5 млрд теңге алимент төленді

1068

16 мың бала алдындағы қарыздар өтелді.

Алматыда прокуратура ықпалымен 2,5 млрд теңге алимент төленді Фото: freepik

Алматы прокурорларының ықпалымен 16 мың баланың алдындағы алимент бойынша қарыздарды өтелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалалық прокуратурадан хабарлағандай, ведомство қызметінің басым бағыттарының бірі алимент өндіру болып есептеледі.

Жергілікті атқарушы органдардың және сот орындаушыларының жұмысты тиісті үйлестіргендерінің арқасында, қала прокуратурасы 2023 жылы 1 мың жұмыссыз алимент төлеушілерді есепке алды, олардың ішінде 657 жұмысқа тұрғызылды.

"Яндекс.GO" қосымшасы арқылы жолаушы тасымалдау қызметімен айныласатын, жасырын табыс көзі бар, алимент төлеуден қашып жүрген борышкерлерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп, 150-ден астам борышкер айқындалды", - делінген прокуратура хабарламасында. 

2023 жылы прокуратураның үйлестіруімен алимент төлеу бойынша міндеттерін орындамайтын, 14 борышкерге қатысты қылмыстық істер тіркеліп, олардың ішінен 5 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының өндірісінде 9 қылмыстық іс бар.

Сонымен қатар алимент өндіру бойынша сот  шешімін орындамаған 112 борышкер, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Алматы прокуратурасының 2023 жылғы шараларымен 16 мың бала алдындағы, 2,5 млрд теңгеден астам алимент бойынша қарыздар төленді", - делінген хабарламада. 

Бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу