Атап айтқанда: инженерлік желілер, сыртқы жарықтандыру және автоматты суару жүйесі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды атқарылған жұмыстың нәтижесімен танысты.
Тұрғындардың жайлы демалысы үшін жаңа серуендеу бағыттары, балалар ойын алаңы, тынығу аймағы, екі амфитеатр және велосипед жолақтары салынды.
Алаңда 8 сәндік су айдыны, жаңартылған субұрқақтар, 500-ден астам қалалық жиһаз құрылымы және 129 заманауи жарық шамы орнатылды.
Мұнда 233 ірі көлемді ағаш, 63 мыңнан астам бұта және 18 мыңға жуық көпжылдық өсімдік егіліп, көгал мен беде егілген жасыл аймақ жасақталды.
Сонымен қатар Сәтбаев көшесінде қоғамдық көліктің жаңа аялдамасы пайдалануға беріліп, реттелетін жүргінші өткелдері ұйымдастырылды.

Жаңа аялдама арқылы екі бағытта №21, №45, №95 және №121 автобус маршруттары қатынайды. Бұл бағыттарға күн сайын жалпы саны 75 автобус қызмет көрсетеді.
Жаңа аялдаманың ашылуы Республика алаңына қатынауды ыңғайлы етіп, маңайдағы мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық нысандардың көлік қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.