Алматыда Республика күніне орай мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

735

Республика күніне орай Алматыда мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Алматыда Республика күніне орай мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

"Медеу" биік таулы кешенінің алаңында Республика күніне арналған "Патриотизм дауысы" акциясы аясында мемлекеттік туды көтеру және Әнұран орындаудың салтанатты рәсімі өтті.

Іс-шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев, қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, студенттер мен әскери қызметшілер қатысты.

Қала тұрғындары мемлекеттік әнұранды қаланың барлық сегіз ауданында орындады. Мерекелік іс-шаралар жоғары оқу орындары, колледждер мен әскери оқу орындары студенттерінің қатысуымен "Қыран елім – Қазақстан" флешмобына ұласты.

Бүгін сағат 17:00-де "Астана" алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді. Концерттен кейін кешкі сағат 21:30-да мерекелік отшашу болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу