Алматыдағы республикалық физика-математика мектебінде тамақтан уланғандар саны 55-ке жетті

317

Жансақтау шараларын қажет ететін жағдайлар тіркелген жоқ.

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебінде тамақтан уланғандар саны 55-ке жетті Фото: 2gis.kz

Республикалық физика-математика мектебінің тағы 4 оқушысы Алматыдағы инфекциялық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

12-15 қазан аралығында Республикалық физика-математика мектебінің 55 оқушысы жіті ішек инфекциясының белгілерімен Балалар қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасына жатқызылған.

– Барлық балаға қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Оларды емдеуге барлық жағдай жасалды. Науқастар медицина мамандарының тұрақты бақылауында. Қазіргі уақытта ауруханаға жатқызылған балалардың жағдайы тұрақты. Жансақтау шараларын қажет ететін жағдайлар тіркелген жоқ, – деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде оқушылар жаппай уланып, мектеп қызметі уақытша тоқтатылғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу