Алматыда ретсіз саудаға қарсы күрес күшейтілді

262

1211 адам қатысқан 45 сауда ошағы анықталды.  

Алматыда ретсіз саудаға қарсы күрес күшейтілді Фото: Almaty_akimdigi Telegram

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен ретсіз сауданы жою және стационарлық емес сауда нысандарын орналастыру мәселесіне арналған кеңес өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2026 жылдың басынан бері қалада ретсіз сауданың 45 ошағы анықталып, онда 1211 адам сауда жасаған. Қазіргі таңда олардың 27-сі жойылып, бұл жұмыстардың 60 пайызы орындалды. Қалған орындардың басым бөлігі ірі базарлар маңында, соның ішінде "Барахолка" аумағында орналасқан.

Сонымен қатар мемлекеттік жер қорындағы 516 сауда нысаны анықталып, оның 413-і сүрілген. Қалған 103 нысан бойынша жұмыстар жалғасуда. Жеке меншік аумақтарда да 1093 нысанға мониторинг жүргізілген.

Кеңес қорытындысы бойынша проблемалық учаскелерге бақылауды күшейту, заңсыз нысандарды бұзу және олардың қайта пайда болуына жол бермеу тапсырылды. Ретсіз саудамен күрес жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының қызметі жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу