Алматыда РФ-ның масаң күйдегі екі азаматы әуе рейсінен түсірілді

598

Көлік полицейлері тексеру кезінде масаң күйде болған 34 жастағы Ресей Федерациясының екі азаматын анықтады.

Алматыда РФ-ның масаң күйдегі екі азаматы әуе рейсінен түсірілді Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы  inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Портал мәліметінше, екі ер адам Алматы – Астана бағытындағы әуе рейсіне отырғызу кезінде өздерін дөрекі ұстап, бортсеріктерді балағаттаған. Көлік полицейлері тексеру кезінде масаң күйде болған 34 жастағы Ресей Федерациясының екі азаматын анықтады. Медициналық куәландырудың нәтижесі бойынша олар “орташа” және “жеңіл дәрежедегі” масаң күйде болған. 

Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы мен 434-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Ұсақ бұзақылық бойынша материал тиісті шешім қабылдау үшін Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданатын болады. 

Жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 12 539 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді iшкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін 1429 адам, ұсақ бұзақылық үшін 179 адам жауапқа тартылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу