Алматыда Роботтар фестивалі басталды

310

Сайысқа 200-ге жуық команда, 1500-ден астам оқушы қатысып жатыр.  

Алматыда Роботтар фестивалі басталды Фото: gov.kz

Алматы қаласында робототехника саласындағы ірі аймақтық іс-шаралардың бірі – Роботтар фестивалі Daryn FIRST Qualifier 2026 басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Фестиваль оқушылардың инженерлік ойлауын, бағдарламалау дағдыларын, жобалық және командалық жұмыс мәдениетін дамытуға бағытталған.

Сайыс 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді.

Daryn FIRST Qualifier 2026 – оқушылар үшін тек жарыс алаңы ғана емес, STEM (ғылым, технология, инженерия және математика) бағытындағы білімді дамытуға, тәжірибе алмасуға және жасөспірімдердің кәсіби бағдарын қалыптастыруға арналған маңызды алаң.

Үш күнге созылатын сайыстың қорытындысы бойынша үздік командалар FIRST бағдарламасының келесі кезеңдеріне жолдама алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу