Алматыда Рысқұлов даңғылының бойындағы жол қозғалысына өзгеріс енгізілмек

523

Алматы қалалық мобилділік басқармасының хабарлауынша, Рысқұлов даңғылында жол қозғалысы наурыз айына дейін сынақ түрінде өзгертіледі, деп жазады inbusiness.kz.  

Алматыда Рысқұлов даңғылының бойындағы жол қозғалысына өзгеріс енгізілмек Фото: gov.kzр

Хабарламаға сәйкес, көлік ағынындағы өткізу қабілетін арттыру мен қақтығыстардың алдын алу мақсатында 2023 жылғы 5 қаңтардан бастап эксперименталды түрде Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында Рысқұлов даңғылынан батыс және шығыс бағытта солға бұрылуға тыйым салынады.

"2023 жылғы 1 наурызға дейін мамандар аталған аумақтың, бағдаршам нысандары мен бұрылу орындарының көлік өткізу қабілеттілігіне талдау жасап, соның нәтижесіне сәйкес шешім қабылдайды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу